Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас





Скачать 5.33 Mb.
Название Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас
страница 5/23
Дата 04.02.2013
Размер 5.33 Mb.
Тип Документы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Үстіңгі сүйір тістерді жұлу. Науқастың басы аздап қарсы жаққа бұрылады. Тік қысқашты күрек тістегідей етіп саламыз. Сүйір тістің тамыры жуан, ұзын болғандықтан оны жұлу үшін едәуір күш жұмсауға тура келеді. Люксация мен ротацияны кезек қолданады.

Үстіңгі кіші азу тістерді жұлу. 4-ші тістің кейде 2 түбірі болады, бір түбір болған кезде де оның ұшы екіге ажырап барып бітеді. Түбірлер жіңішке, ұзын болады. Сондықтан ротация жасауға болмайды.

5-ші тістің түбірі біреу-ақ, оның екі бүйірі сығылған. Оны жұлғанда ротация, люксация жасауға болады.

Жалпы 4-5 ші тістердің түбірлері дистальды бағытқа қарай иілген.

4-5-ші тістерді жұлу үшін S – тәрізді сауытты қысқаштарды (жақтары жұмыр) қолданылады. Қысқышты тістке салғанда оның бір жағы тістің таңдай, екінші жағы ұрт беттерінде орналасады. Алғашқы ырғау сыртқа қарай бағытталады. Түбір ұштарын (әсіресе 4-ші тістің түбірлерінің) сындырып алмау үшін қимыл дәл, байыпты болуы керек.

Үстіңгі үлкен азу тістерді жұлу. Үстіңгі моляр тістердің 3 түбірі болады. Олардың біреуі таңдай, екеуі ұрт түбірлері. Ұрт түбірлері бір-біріне жақын, ал таңдай түбірі олардан алшақ, оқшау орналасқан. 3-ші молярдың түбірлері түрліше болып келеді, олар кейде бірігіп те кетеді.

6-7-ші тістерді S – тәрізді жағының бірінде қылқаны бар қысқышпен жұлады. Оның қылқаны тістің ұрт түбірлерінің арасына кіріп, қылқанның екі жағындағы ойықтар сол ұрт түбірлерін ұстап, ал таңдай түбірін қысқыштың жұмыр жағы ұстайтындай етіп салады.

Анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқы ырғауды 6-шы тісті жұлғанда ішке қарай, ал 7-8 ші тістерді жұлғанда сыртқа қарай бастайды. 6-7-8-ші тістерге ротация жасауға болмайды, тек түбірлер бөлінген соң таңдай түбірді ғана ротация жасауға болады.

8-ші тістің басқалардан өзгеше құрылысы оған арнайы қысқыш қолдануды қажет етеді. Ол қысқыштардың оң солы бірдей, байонетке ұқсас, бірақ одан айырмашылығы жақтары жалпақ және түйіспейді.

Үстіңгі жақтың бұдыры сынып кетпес үшін сол қолдың 1-2 саусақтарымен альвеола өскінін ұстап тұру керек.

^ Төменгі күрек тістерді жұлу. Төменгі күрек тістердің түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы, альвеоланың сырт қабырғасы жұқа. Оларды жұлу үшін құстұмсық, сауытты, жақтары жұмыр, бойлай иілген (иогнутые по ребру) қысқыштар қолданылады. Сауыттары мен түбірлері жіңішке болғандықтан қысқыш жақтары олардан жіңішкерек болуы керек. Олай болмаса көрші тістерді босатып алуымыз әбден мүмкін. Қысқыш жақтарының бірі тістің тіл, екіншісі кіреберіс жағына салынады. Ротация жасауға болмайды, алғашқы люксация сыртқа қарай жасалады. Ротация кезінде қысқышпен көрші тісті босатып немесе жұлынатын тіс түбірін сындырып алуымыз мүмкін. Ұясынан жұлып алған кезде абай болған жөн. Орынсыз, дөрекі қимыл үстіңгі күрек тістердің сауытын сындыруы мүмкін.

^ Төменгі сүйір тістерді жұлу. Төменгі сүйір тістің ұзын, жуан түбірі бар. Оның қабырғсаы жұқа. Бұл тісті жұлу күрек тіс сияқты, тек қысқыштың жағы жалпақ болуы керек. Люксация сыртқа қарай басталады, ұядан шығарар кезде біршама ротация жасауға болады.

^ Төменгі кіші азу тістерді жұлу. Төменгі премолярлардың түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы. Ұясының қабырғалары қалың болғандықтан, қысқышты салу, жылжыту қиындау. Бұл тістерді жұлу үшін күрек тістер мен сүйір тістерді жұлатын қысқаштар қолданылады. Люксация сыртқа қарай басталады. Премолярлардың ұяда мықты тұрғанын ескеріп, көрші тістерді жаралап алмау жолдарын еске сақтау керек.

^ Төменгі үлкен азу тістерді жұлу. Төменгі молярлардың медиальды, дистальды орналасқан екі түбірі болады. Кәде үш түбірлі. Үшінші түбір дистальды түбірдің тіл, ұрт түбірлеріне бөлінуінен 7-8 –ші тістердің түбірлері бірігіп кетуі, 8-ші тістің түбірінің ұшы жуан болып келуі ықтимал. 6-шы тістің альвеола қабырғасының екі жағы бірдей, ал 7-8-ші тістердің сыртқы қабырғасы қалың. Демек, 6-шы тісті жұлғанда люксация сыртқа қарай, 7-8 ші тістерді жұлғанда ішке қарай басталады, тіс те ұясынан сол бағытқа қарай шығады. 8-ші тістің күрделі орналасуы, толық өсіп шықпауы т.б. ерекшеліктері рентген суретін қажет етеді. Төменгі моляр тістерді жұлуға құстұмсық, сауыт қысқыштарының екі түрі де қолданылады. Сапты бойлай, қырына қарай иілген қысқыштар жақтарында қылқандары бар. Қылқандар тіс сауытын орай айналып түбірлер бифуркациясына кіріп қысқышты нық ұстайды.

8-ші тісті жұлуға сапты бойлай иілген қысқыш жарамайды, себебі езі мен ұрт кедергі жасайды. Қырынан иілген қысқыштармен барлық төменгі молярларды жұлуға болады, 6-7-ші тістерді сапты бойлай иілген қысқыштармен жұлған ыңғайлы. Горизонталь қысқыш жұлынатын, одан бері орналасқан тістерді жауып, көзден таса қылады, тісті ырғау кезінде де қолайсыздық туғызады. Бұл қысқыш негізінен науқастың жағы қарысып, аузы ашылмай қалғанда таптырмайтын құрал. 8-ші тісті жұлу кейде әдеуір қиындық туғызады. Оны ырғап,босату үшін элеваторлар қолданылады. 8-ші тісті жұлу жайлы толығырақ «тіс жару аурулары» деген тақырыпта айтылады. Кейде тіс пен түбірлерді жұлғанда белгіленген ережелерден ауытқуға тура келеді. Мысалы: түбірді бүтін қалған қырын ұстай ырғап мұжылған жағына қарай босату, тістің қай тұсқа қарай оңай босайтынын есепке алу. Тіс сауыты сынған кезде сауыт қысқашының орнына, түбір қысқышын қолдану. Бұл ерекшеліктерді игеру, қолдану үшін, мұқияттық қажет.

^ Түбірлерді жұлу. Тістерге қарағанда, түбірлерді жұлу қиындау. Себебі қысқыш жақтарымен түбірді сыға ұстау оңайға түспейді. Моляр түбірлерін жұлу үшін оларды бормен ажыратып, элеватормен ырғау қажет.

Жалпы алғанда түбірді жұлмас бұрын, оның беріктігіне түбір далдасына, альвеола қалыңдығына, көрші тістер жайлы мәліметтерге баса назар аудару, қажет болса рентген суретін жасау керек.

^ Түбірлерді қысқашпен жұлу. Үстіңгі түбірлерді жұлу үшін байонет, түйісетін қысқыштар қажет. Бұл қысқыштар әмбебап деп те аталады, себебі жақтары саптарынан едәуір алшақ орналасқан. Бұларды моляр тістерге қарай апару оңай, жақтарын терең бойлата жылжытуға тіпті түбір ұясына кіргізуге де болады. Байыптап қолданса байонет (универсал) қысқыштар төменгі 8-ші тістерді жұлуға да жарайды. Моляр түбірлерін жұлғанда қысқыш жақтарын салады. Егер түбірлер бір-бірімен берік орналасқан болса, олар бірге жұлынады. Сынып кеткен жағдайда жеке дара жұлынады. Түбірлер бөлек болса, таңдай түбірін ротация жасап жұлады. Содан соң қысқыштың бір жағын босаған таңдай түбірдің ұясына жылжытып, екінші жағын қалған ұрт түбірлерінің біріне салады. Қысқышты түбірге салғанда ол сүйектен сырғанап, сыға ұстау мүмкін болмаса, онда түбірлерді бормен ажыратып, жекелеп жұлады. Түбірлерді шар, фиссур борлармен ажыратады. Борды түбір далдасына дейін бойлатып әрлі-берлі айналдыра отырып бойлатып жұлып алады. Қалған түбірлерді байонет қысқашпен жекелеп жұлады.

8-ші тістің түбірлері бір-бірімен жапсарлас келеді, сондықтан оны байонет қысқышпен жұлып алу онша қиын емес.

Төменгі түбірлерді жұлуға жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық қысқыштар жарайды. Бұл аспаптарды 8-ші тістің түбірлеріне салуға мүмкін болмағандықтан (себебі бұрын айтылған) элеваторларды қолданады.

Қысқыш жақтары түбірдің ішкі, сыртқы беттерінде салынады. Моляр түбірлерін жұлғанда қысқышты жұлынуға оңай түбірге салады. Бифуркация мықты болса екі түбір бірге жұлынады, осал болса бөлініп шығады. Екінші түбір соңынан жұлынады.

Егер қысқышты түбірге салу қиын, бифуркация мықты болса, онда түбірлерді бормен ажыратады. Жеке түбірлер қысқыш, элеваторлармен жұлынып алынады.

c:\documents and settings\открыть\local settings\temporary internet files\content.word\1 008.jpg

13-сурет. тік элеватормен жоғарғы жақ тіс түбірін шығару.


13- асурет. Бормашинамен тіс түбірлерін бір-бірінен ажыратып бөліп алу.



^ Тіс пен түбірді элеватормен жұлу (13, 13 а сурет). Тіс пен түбірге қысқыш салу мүмкіндігі жоқ болса тік, бұрыш элеваторларды қолданамыз.

Элеватордың сабы, қасықша тәрізді жұмысшы бөлігі және оларды жалғастырып тұрған орта бөліктен тұрады.

Тік элеватрдың жұмысшы бөлігі науа тәрізді. Онымен үстіңгі жақтың түбірлерін, төменгі 8-ші тісті жұлады.

Найза тәрізді элеватордың сабы орта бөлігіне көлденең бекітілген. Жұмысшы бөлігі сүңгі сияқты үшкірленіп барып бітеді. Жұмысшы бөлігінің бір беті тегіс екінші беті жұмыр. Найза тәрізді жұмысшы бөлігі орта бөлігіне паралелль тұрады.

Леклюз элеваторы төменгі үшінші моляр тістерді, соңғы тістерді жұлуға қолданылады.

Бұрыш (бүйір) элеватрдың құрылысы тік элеватор сияқты, айырмашылығы, жұмысшы бөлігі орта бөлігімен 90-120° бұрыш құрап қасықша тәрізді, үшкірленіп барып бітеді. Бұл элеватрдың оң (өзіне), сол (өзінен) екі түрі бар. Элеватрдың қасқша беті жұлынатын тіске қарап салынады. Бұл аспаппен төменгі жақтың тіс, түбірлерін жұлады.

Тік, найза элеватордың сабын оң қолмен ұстағанда 2 саусақты оның орта бөлігінен асыра қасықша бетіне жапсыра ұстайды. Сонда сұқ саусақ аспаптың тайып кетуінен сақтайды.

Элеваторды периодонт саңылауына кіргізу үшін оңды-солды қозғап түбірді ұяның қарсы бетіне қарай ығыстырып барып шығарады. Элеватордың қасықша бетінде өте үлкен иін күші пайда болады. Ол тек жұлынатын түбір емес, тіреп тұрған көрші тісті де орнынан босатуы мүмкін. Соны ескеріп, сол қолдың саусақтарымен тіреп тісті ұстап тұру керек.

Қатардан тыс тұрған тістерді де осылайша жұлады.

Жалпы элеваторды қолданбас бұрын оның ұшын кіргізетін орнын, тірек болатын тіс жағдайын жете бағалау керек.

Бұрыш элеваторды да оң қолмен ұстап сұқ саусақты оның қасықша бөлігіне жақын ұстап, сол қолдың бас бармағымен оның қасықша тұсынан басып тереңдете ендіреміз де оң қолмен элеватор сабын қапсыра ұстап өз өсінің бойында айналдырады. Нәтижеде оның қасықшасы түбірді ұядан ығыстырып шығарады.

Егер элеватор қасықшасы төменгі моляр түбірінің босаған ұясына кіргізілген болса, оның ойық жағы жұлынатын түбірге қарай бағытталады. Ұясының қабырғасы мен көрші тіске сүйеніп элеваторды айналдыра бұрғанда алғаш түбір далдасы, соңынан екінші түбір де жұлына шығады.

Есте сақатйтын жәйт, кез келген элеватормен жұмыс істегенде оның сабы ұрт жақта тұрады. Оны ешқашан ауыз қуысының ішінен, қарсы жақтан салып қолдануға болмайды. Бұл кезде аспаптың тайып кетуі, айналасындағы жұмсақ тіндерге қадалып қалу қаупі бар.

^ Тереңде қалған түбір сынықтарын жұлу. Толық немесе жартылай ретенциялы тістерді, сынып қалған түбірдің ұштарын жұлуға қысқыштар жарамайды, тіпті элеваторлармен же жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипик элеваторлармен де жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипик операциялар керек; кесу мен қашау.

Ретенциялы тістер үшін бұл операциялар қалыпты жағдай. Оларды белгіленген операция күнінде жасайды. Оған дәрігер мен мейіркеш мұқият дайындалады. Операция жергілікті анестезия немесе наркоз арқылы жасалады.

^ Кесу мен қашау операциясы. Тіс ұясының босаған тұсынан ретенциялы тістердің сауытына жақын тұстап трапеция немесе ойық тәрізді етіп тінді, сүйек қабығын сүйекке дейін кеседі. Кесілген кілегей мен сүйек қабығының құрағы көрші тістердің тұсына дейін қамтитын үлкен болғаны дұрыс. Себебі сүйек тесіп, қашап, оятын алаңқай жаңағы құрақтың ортасында орналасады. Құрақтың табаны көшпелі қатпарға бағытталады, сонда одан келген қан тамырлары арқылы қоректенуі сақталады.

Хирургтің көмекшісі ілгекпен құрақты ығыстырып ұстап тұрады. Домалақ бормен түбірдің немесе ретенциялы тістің тұсынан бірнеше тесік жасалады. Фиссур бор арқылы ол тесіктер арасы біріктіріледі. Сонан соң сүйекті элеватормен алып тастайды. Аршылған тіс пен түбірді элеватормен босатып орнынан шығарады. Түбірдің ұшын тегістегіш, тіс тастарын алатын ілгекпен немесе жіңішке қашаумен алуға болады.

Ретенциялы тістің сауытын бормен аршыған соң оған байонет қысқыш салып белгілі қимылдар арқылы жұлуға болады.

Тіс пен түбір ұяларынан өткір кюретаж қасықшасымен грануляциялар, фолликул қабығы қырып алынады. Сүйек ұнтақтарын антисептик ерітіндісімен жуып шығарады.

Кейбір мамандар сүйек жарақатына антибиотик, сульфаниламид дәрілер мен сүйек ұнтағымен толтыруды ұсынады. әрине, жарақат үлкен болса олай етуге де болады, бірақ көбінесе сүйектің өткір қырларын тегіс теп, құрақты орнына келтіріп кетгутпен тігіп қойса, жарақатқа қан ұйысып, жара жазылып кетеді.

Кейбіреулердің айтуынша, қашау мен болғаны қолданып сүйекті ойып алуға болады. Оларды қолданудың науқасқа қалай әсер етері белгілі. Оның үстіне балғамен соққылап, қашаумен ойып жарақатты ұлғайтып алуға болады. Сондықтан, оларды бормашина жоқ кезде ғана, онда да асқан ептілікпен қолдану керек. Науқасқа жағдайды түсіндіріп, қашауды өткірлеп, балғаны байқап соғып, сүйекті кішкене бөлшектеп алу қажет.

Төменгі моляр тістердің түбірін жұлғанда жақ өзегінің, ал үстіңгі тістерді жұлғанды гаймор, мұрын қуысының жақын екендігін есте сақтаған абзал.

^ Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім

Тіс жұлу кезінде тіс, түбір т.б. алынған заттар табақшаға жиналуы керек. Операциядан соң жиналған заттарды зерттеп, егер гранулема қалып қойса оны кюретаж қасықшасымен тазалайды. Түбір, сүйек сынықтарын да ұядан шығарады.

Тісті ырғағанда орнынан сырғаған ұя қырларын, саусақпен немесе тампонмен басып орнына келтіреді. Сүйек пен далданың үшкір қырларын қысқыштармен тістеп тегістейді. Дөңгелек сіңір де қалыпты жайына жақындайды.

Қиын жұлынған тіс, қатарынан жұлынған тістер орынына кетгут жіптер салынады. Кілегей қырлары бір-біріне жақындаса да жеткілікті, олар сүйекке жабысып, ұядағы ұйысқан қанды ұстап қалады. Ауызды шаю керек емес. Сонан соң стерилді тампонды ұя үстіне қойып 10 – 15 минуттай ұстау керек.

Қан тамырларының тарылып, тромбпен бітеліп қалуынан кейде ұя бос қалады. Бұл дұрыс емес, себебі бос ұяға сілекей, тамақ қалдығы кіріп оның қабынуына себеп болады. Бұл кезде хирургиялық қасықшасымен ұя қырларын, түбін қырып, майда тромбтарды алып, науқастың басын төмен салбыратып ұяға қан толтыру жолын қарастырады.

Тіс жұлдырған күні ыстық, қатты тамақ ішуге, ауыр жұмыс істеуге ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Бұлар ұядағы ұйысқан қанды шайып, қан тамырларын кеңейтіп ұядан тоқтамай қан ағуына себеп болады. Тамақ жылы жұмсақ болғаны жөн.

Ертеңінде тамақтан соң ғана жайлап ауыз шаюға болады. Тіс жұлдырған соң бірнеше сағат 1 – 2 күн бойы ұя орнында ауырсынған сезім бірте-бірте азайып барып жоғалады. Осы мерзім ішінде шыққан қан аралас түкірік бастапқы түсіне қайта оралады.

Периодонт пен жақ сүйектегі жедел ағымды қабыну процесі болса, жараны тігу мен ұяны кюретаж жасауға болмайды. Кескен жерден, тіс ұясынан ірің шықса ауызды антисептик ерітінділерімен шаю керек. Тіс ұясынан қан тыйылмаса, 1 – 2 күн ішінде тіс орнының ауырғаны қоймаса, тіпті күшейіп кетсе, кейінге қалдырмай дәрігерге қаралу қажет.

^ Тіс ұясының жазылуы

Тіс ұясы ұйысқан қанмен бітіледі. А.Е.Верлоцкийдің итке жасаған тәжірибесі бойынша, ұя түбі мен бүйірлерінен ұядағы тромбқа қарай грануляция тіні өсіп 7 – 8 күн ішінде кілегей қабықтан өскен эпителий тромбты түгел жабады. Ол 12 – 14 күннен соң бекиді, үш аптадан соң барып қалыпты жағдайға келеді. 7 – 8 күннен бастап ұя түбіндегі грануляция остеоид тіндермен алмаса бастайды. Жараланған өткір сүйек қырлары да ыдырайды. 4 аптадан соң ұяда сүйек нұсқасы пайда болды. 2 – 3 ай өткен соң ұядағы остеоид тін мен оның айналысында айырмашылық негізінен жоғалады, альвеола қыры 1/3 биіктігіне отырады, айналасы жұмырланады. Ал 6-ай өткен соң ұядағы сүйек жақ сүйегімен бірдей болып қалыптасады.

Адамда бұл аталған жайлар біршама баяу болады. Ұяда қалған түбір сүйекке де сіңбейді, ылғыстырылып та шығарылмайды. Созылмалы қабыну процесі тоқтамай жалғаса береді. Ұя жазылып бітелгенімен қызыл иекте жыланкөз пайда болып, қабыну оқтын-оқтын асқынып тұрады.

^ Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан

кейін болатын асқынулар

Тісті жұлу кезінде болатын асқынуларды жалпы және жергілікті асқынулар деп бөледі. Жалпы асқыну жағдайлары: естен тану, коллапс, шок, жұлынған тістің тампонның, ұйыған қанның, тыныс жолына өтіп кетіп кептеліп қалу нәтижесінде болатын тұншығу жатады. Олардың пайда болуына- операция алдында қорқу, құрал жабдықтардың, түкіргіштегі қанның көрінісі, дәрігердің науқасқа селқос әсер етеді.

Сонымен бірге организмнің қажуы, жүрек қан тамырларының зорығы, жұқпалы аурулар, себепші болуы мүмкін. Жансыздандырудың толық әсер етпеуі, науқастың ауруды сезінуі тыныс және жүрек қан тамыр орталықтарының жұмысына әсер етіп оларды әлсіретеді.


^ Жалпы асқыну

Естен тану. Олардың нерв жүйесінде жеке ми қыртыстарында қан келмеуі нәтижесінде ауру адам есінен танады. Мүндай кезде әлсіздік, құлағы шуылдап, көз қарауытып, басы айналуы, аяқ-қолы мұздауы мүмкін. Естен тану кезінде денеден суық тер шығып, көз қарашықтары кеңейеді. Ауру адамының денесі босап, қолдары төмен салбырап түсіп кетеді. Тамыр сияқты жиілеп әлсірейді. Мұндай жағдайда науқас бірнеше минуттан соң қалпына келеді.

Алғашқы әрекеттер мидың қан айналымын жақсартуға бағытталуы тиіс. Операция жедел тоқтатылып, аурудың басын тізесінен төмен қарай еңкейту немесе креслоның сүйенігін төмен түсіріп оның денесін көлденең күйге келтіру қажет.

Терезелерді ашып, түймелерін, белбеуін ағытып, тыныс алуды қиындататын кедергілерді жояды. Тыныс алу орталығын қоздыру үшін мұрынға мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта иіскетеді. Бұл іс-әрекеттер жеткілікті нәтиже бермеген жағдайда тері астына 1 мл 10% кофеин ерітіндісі, кордиамин, коразол егіледі, оттегімен тыныс алдырады. Лобелиннің немесе 1% цититонның 1 мл егіледі. Аурудың аяқтары бас деңгейінен жоғары көтеріледі.

Есі танған аурудың жағдайы жақсарған соң, операцияны жалғастыруға болады. Мұндай жағдайды болдырмауы үшін, алдын ала сақтық шараларын қолдану қажет.

Коллапс. Тіс жүлу кезінде ауру жағдайының қиындауының ауыр түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл жағдай жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі нәтижесінде шығады.

Коллапстың негізгі себептері – үлкен жарақат және аурудың қансырауы. Науқастың бет-аузы бозарып, аяқ-қолы мұздап, қан қысымы төмендейді, басы айналып көру қабілеті нашарлайды. Тыныс алуы әлсіреп жиіледі. Емдеудің негізгі мақсаты қансырауды тоқтатуға, қан қысымын қалпына келтіруге бағытталады, операцияны тоқтатып, жарақатты тампонмен жуып, ауруды көлденең жатқызады. Тері астына жүрекке әсер ететін дәрілер салынады. Аяққа ыстық су құйылған резеңке қыздырғыш қояды.

Шок. Тіс жұлу кезінде ауруда шоқ дамуы өте сирек кездеседі. Кей жағдайларда операциядан соң болуы мүмкін.

Шоққа алып келетін жағдайлар – естен тану, коллапстағыдай. Негізгі себептері: ұзақ уақытқа созылған операция, көп мөлшерде қан жоғалту, жансыздандырудың жеткілікті дәрежеде болмауы.

Бұл жағдай өмірлік маңызы зор дене мүшелері қызметінің нашарлауына әкеліп соғады және орталық нерв жүйесінің шамадан тыс әлсіреуінің нәтижесінде болады. Алғашында қозу, оның артынан іле сала тежелу процесі жүреді. Ауру адам айналасын қатыссыз қарайды, ақыл есі жайында, тері қабаты көгеріп-бозарған, көз қарашығы кеңейіп, қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы әлсірейді. Үстірт тыныс алып, көз алмасы үңірейіп қозғалыссыз болады. Дене қызуы төмендейді. Шоқ жағдайында емдеу – физиологиялық ерітінді, глюкоза, морфин егу, қан құю, ысытқыштармен ысыту, оттегі мен көмір қышқылының 3-5% қоспасымен тыныс алдыру.

Қанды шоққа қарсы бағытталған сұйықтармен кезектестіріп құю қажет. Полинглюкин немес поливинил, пирамидон қабылдаған да пайдалы.

^ Алдын алу шаралары қансыратпау, жеткілікті дәрежеде жансыздандыру, операцияның алдында премедикация жасау.

Тыныс алудың бұзылуы. Тыныс жолдарынан – жұлынған тістің, тампонның немес ұйыған қанның түсуінің нәтижесінде, ауру тұншығуы мүмкін. Мұндай жағдайда жедел трахеостомия жасау қажет.

Егер де тыныс жолдарына жұлынған тістің жарықшақтары түссе бұл тыныс алуды шұғыл өзгертпейді. Алайда, кейін өкпенің іріңді қабынуына әкеліп соғады. Сондықтан ауруды рентгендік зерттеуден өткізу және пульмонологтың кеңесі қажет.

^ Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар

Тіс жұлу кезінде, тіс саусақтарының немесе түбірдің сынуы салыстырмалы жиі кездесетін құбылыс. Бұған себеп көбінесе тіс сауытының қатты бұзылуы, түбірлердің қисық болуы немесе гиперцементоз, көп емделген тіс. Тіс жұлу әдістерін жеткілікті дәрежеде меңгермеу де, көп жағдайда оның сынуына алып келеді. Мысалы, қысқыштың ұрттарын терең енгізбеу, жақсы қысып ұстамау, дөрекі қозғалыстармен босаңсыту (қозғалту) немесе бұрау. Мұндай асқынуларда операцияны элеваторды қолдануымен немесе түбірлерді бормен кесіп алумен аяқтайды. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, тіс жұлу әдісін дұрыс таңдап алу жіне оны дұрыс өткізу керек.

^ Төменгі жақ денесінің сынуы. Аз кездесетін жағдай. Ол сүйекте болатын қандайда бір патологиялық процестер нәтижесінде (ісік, сүйек кемегінің қабынуы, киста) немесе тістің дөрекі жұлынуы, сол сияқты қашаумен болғаны қолданып жұмыс істегенде болуы мүмкін.

^ Емдеуі – шеңдеуіш салу.

Алдын алу
– тісті жұлардан бұрын науқасты жан-жақты тексеру.

Тіс ұясы, сүйек өсіндісінің сынуы. Қысқыштың жақтарын терең енгізіп қашаумен жұмыс істегенде кездеседі, жоғарғы жақтың денесі қоса жұлынуы мүмкін, дөңестің сынықтары қозғалмалы болып, ауа көпіршіктері аралас қан кетеді.

Емдеу – дөңестің бос жатқан сынықтарын жұлып алып тастап, қан тоқтату және тігу. Керек жағдайда – шеңдеуіш салу қажет.

^ Төменгі жақ буының шығып кетуі. өте сирек кездеседі.

Бұл асқынуы түрі самай-төменгі жақ сүйегі буынында патологиялық процесс болғанда немесе сау буынға мөлшерден тыс күш салғанда, қысқышты төмен зорлықпен итергенде, ұлғайған адамдардың тісін жұлу уақытқа созылған жағдайларда болуы мүмкін.

Емдеу. Буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу 3 – 4 күндей диета сақтау.

^ Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тіртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жарылуы, қан кетуі, тіл, ерін, ұрт және түбі тіндерінің жарақаттануы.

Емдеуі – ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.

Алдын алу шаралары. Тіс жұлу кезінде периодонттық айналма байламдарын үзу үшін шырышты қабықты тістен ажырату, ұрттары кең қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде болады.

Босап қалған тіс қайтадан өз орнына қондырылуы қажет. Қарама-қарсы тістердің жарақаттануы, тісті жұлып шығару кезіндегі дөрекі қимыл іс-әрекеттердің нәтижесінен туады. Мұнда тіс сауытының сынуы, эмальдан ажырауы, ұрылу нәтижесінде перидонттың жарақаты пайда болуы мүмкін.

^ Сақтық шаралары: жұлынған тісті ұясынан дұрыстап шығару қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілуі керек.

Тістерді немесе тіс түбірлерін, ауыз қуысы түбі тіндеріне, ақыл азу тістер арты кеңістігіне, ауыз кіреберісі жанындағы шырышты қабыққа өткізіп жіберу элеватормен, қашаумен дөрекі жұмыс істеу нәтижесінде болады.

Емі. Тіс түбірлері немесе тіс әдетте аурухана жағдайында жұлынуы керек. Екі бағытта (проекция) рентген суреті болуы қажет. Сақтық шаралары: элеватормен байқап жұмыс істеу, сол қолдың саусақтарымен тісті немесе түбірді түбірді тежеп ұстап тұру.

^ Гаймор қуысының тесілуі. Мұндай жағдай жоғарғы жақ азуларының анатомиялық орналасуына байланысты. Тіс түбірлері гаймор қуысына жақын немесе қандайда бір қабыну процестері, ісіктер болса тік элеваторды абайлап пайдаланбаса кездеседі. Мұнда, мұрыннан ауыз қуысына ауа ағымы еркін өтіп, одан жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық (герметизация) жоқ.

Мұндай жағдайды анықтау үшін саусақтармен мұрынды қысып ұстап, мұрын арқылы тыныс алуды сұрайды, ауа көпіршіктері аралас қан сырылдап тесік арқылы шығады. Осындай жағдайда гаймор қуысын жуу немесе оны құралдармен зерттеу жақсы нәтиже бермейді, қосымша жарақаттануы және ыластануы мүмкін. Түбір гаймор қуысының шырышты қабығы астында оған зиянын тигізбей орналасуы мүмкін. Егер тіс толығымен жұлынып, жақ қуысында қабыну процесі болмаса, тіс ұясында ұйыған қанның жиналуын қадағалап, оны жарақаттанудан және жуылып кетіден сақтау қажет. Осы мақсатпен, тіс ұясының үстіне йодоформға малынған тампон көршілес тістерге бекітіледі. Тампонды айналадағы шырышты қабыққа тігу де мүмкін. Тіс қабырғаларында едәуір үлкен жарақат болса, оны тігу керек. Шырышты қабық шеттерінің тіс ұясы үстінде бір-бірімен жанасуы үшін қосымша қияықтар кесіледі. Ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабығын трапеция тәрізді тіліп, сүйекке дейін тіс ұясы жағына жылжытады. Ал кейде оны таңдай жағынан жасайды, негізін үлкен таңдай тесігіне қаратып, содан кейін тігіс салады. Тіс немесе түбір гаймор қуысына итеріліп өтіп кеткен, бірақ қабыну процесі дамымаған жағдайлар да кездеседі (14-сурет).

c:\documents and settings\открыть\local settings\temporary internet files\content.word\1 009.jpg

14- сурет. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу;

А) ұрттан алынған трапециялы қиындымен; б) қатты таңдайдан алынған тіл тәрізді қиындымен.


Тіс немесе түбір ыластанған болса, оны қуыстан шығарып алып тастамайынша, гаймор қуысының созылмалы қабынуы дамиды.

Сол себепті түбірлерді, тістерді шығарып тесікті неғұрлым тезірек жабу керек. Мұндай жедел операция, әдетте аурухана жағдайында, тіс жұлынған соң 1 – 2 күн аралығында жасалады. Операция Колдуэл – Люктің әдісі бойынша гаймор қуысын тесу арқылы өткізіледі. Тіс жұлынған соң, гаймор қуысы, төменгі тыныс жолы арқылы қатпардағы кесілген жарақат тігіледі. Қажетті дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Кей жағдайда тіс жұлынғаннан кейін, гаймор қуысынан тіс ұясы арқылы көп мөлшерде іріңді экссудат ағады, бұл қуыста қабыну процесінің жүріп жатқандығының айғағы.

Мұндай жағдайда қуысты, тіс ұясы арқылы антисептикалық ерітінділермен жуып, тіс ұясын ашық күйінде қалдырады. Науқас рентгендік тексеруден өтуі өажет. Жоғарғы жақ қуыстарына белгіленген арнайы әдістер бойынша операция жасалады (гаймор қуысына ығысып өткен ісіктерге операция жасау әдістері оқулықтың арнайы бөлімінде қаралады).


^ Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар

Қан кетуі. Тіс жұлынуы басқа операциялар сияқты қан кетумен өтеді. Қан 4 – 5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды.

Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, мұндайда біріншілік қан кетуі немесе операциядан бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады.

Қан кету мерзімі, оның сипаты жергілікті және жалпы себептерге байланысты. Жергілікті себептердің бірі шырышты қабаттың жырылуы болып есептеледі, мұнда ірі артерия, вена, қан тамырлары (таңдай, тіл, менталь т.б.) жарақаттануы мүмкін.

Сүйек тінінің зақымдануы (тіс ұясы қабырғасының жарықшағы, тіс ұясы өсіндісінің өткелдері) көп мөлшерде қан кетуіне алып келеді, себебі сүйек қан тамырлары үңірейіп тұрады.

Жедел ағымдағы қабыну процесінде тіс ұясынан қан кетуі, тромбтың бұзылуынан (тіс ұясының қабынуы) болады. Жергілікті анестезияда ертінідіге адреналин қосылса, қан тамырлары тарылып операция кезінде оның тыйылуына ықпал жасайды, ал 1 – 2 сағаттан соң тамырлар кеңейіп ұйыған қанды ығыстырып шығарады. Осындай жағдайда қан кетуі мүмкін.

Өте сирек жағдайларда тіс жұлынғаннан соң-ақ қан кетеді, бұл түбір гемангимоға жақын жайласқанда болады. Мұндай жағдайда сыртқы ұйқы артериясын байламай немесе ісікті толығымен алып тастамай қан тоқтауы мүмкін емес.

Тіс ұясын тампондап, төменгі жақты жоғарғы жаққа қысып бинтпен таңып байлап ауруды ауруханаға жібереді.

Тіс ұясынан қан кетуіне алып келетін жалпы жағдайлар қанның ұю қасиетінің нашарлауы, қан тамырларының өткізгіштік қасиетінің ұлғаюы. Олардың қатарына: гемофилия, Верльгоф ауруы, цинга, лейкоз жатады. Жұқпалы аурулар (безгек, скарлатина, эндокардит).

Сондай-ақ қан қысымы жоғары немесе антикоагуланттар қабылдап жүрген адамдарда қан кетуі байқалуы мүмкін.

^ Тіс жұлынған соң қан кетуі тоқтату әдістері. Әдебиеттерде қан тоқтатудың физикалық, биологиялық және химиялық әдістер баяндалған. Олар әдетте бірлесіп қолданылады.

Көрінуге келген науқастан алдымен қан кетудің себептерін анықтау қажет. Тіс ұясы ұйыған қаннан тазартылып, ауыз қуысы шайылып, қан кетіп жатқан орын анықталады. Қан жұмсақ тіндерден кетіп жатса оның қан тамырлары байланады немесе тігіледі, жарақатанған шырышты қабатына тігіс салынады.

Қан тамырын байлауға мүмкіншілік болмаған жағдайда, жарақатты құрғатып, тамырды гальванокаутермен немесе қызыдырылған құралмен күйдіру арқылы немесе калий перманганатының кристалдары себілген тампон қою арқылы тоқтатады. Қан сүйектен кеткен кезде қысқыштармен оның қан ағып жатқан бөлігін қысып жұмсақ тіндермен жауып, шырышты қабатының шеттерін тігеді. Тіс ұясын кетгут түйінімен немесе қан тоқтатқыш губкамен толтыру арқылы қанды тоқтатуға болады. Осы айтылған әдістердің барлығы нәтиже бермеген жағдайда тіс ұясын 4 – 5 күнге тампондауға болады. Тампонды тіс ұясына орналастыруды оның түбінен бастайды, йодоформ қоспасына малынған ұзынша дәкені, қатпарлап нағыздап үстін 1 – 2 тігіспен тігеді. Тігістерді 4 – 5 күннен соң алады, сол кезде тампонды тіс ұясынан грануляциялық тін ығыстырып шығарады. Қан тоқтату үшін дәрі-дәрмектер қолданылады. 5 10 мл 10% хлорлы кальцийдің ерітіндісін, венаға аскорбин қышқылы, күніне 2 мезгіл, 0,015 – 0,02 викасол немесе 1 – 1,5мл 1% викасол ерітіндісін бұлшықетке жібереді.

Кейбір қан аурулары бар науқастарды тез уақытта ауруханаға жатқызып гематологпен немесе терапевтпен кеңесу қажет болады. Алдын ала қан кетіп жатқан тіс ұясын тампондап, қанның анализін зерттеп және коагулограмманы анықтау керек. Көп кешіктірмей қажеттілігіне қарай қанды тромбоциттерді, антигемофилді плазманы, изогенді сарысуды құю керек. Реципиенттен донорға тікелей қан құю өте тиімді болады. Қан құю екі мақсатты көздейді: біріншіден – қанды тоқтату, екіншіден қанды толықтау үшін.

Жергілікті жасалатын шаралар – ұяшықты гемостатикалық губкамен, биологиялық антисептикалық, тромбинді тампондармен, аминокапрон қышқылымен, гемофиобринмен тығындау қанды тоқтату мақсатына бағытталады.

Қан кетуді болдырмаудың алдын алу үшін дәрігер науқастан бұған – болмағанын анықтап алуы керек. Анықтау барысында науқасты арнайы дайындау керек болса, операцияны ауруханада өткізген тиімді болады.

Жергілікті себептермен болатын қан кетулерді болдырмау үшін пародонт тіндерін көп жарақаттамай, тіс жұлу операциясының бар ережелерін мұқият сақтау қажет.

Ұяшықтың ауруы тіс жұлғаннан кейінгі онда болатын әртүрлі асқынулардың салдарынан болады, оларға: альвеолит, неврит, ұяшық остеомиелиті жатады.

Альвеолит себептері: тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі, тіс жұлудан кейінгі түбір ұшы маңындағы қабыну процестерінің өршуі, операция кезінде ұяшықтың жарақаттануы.

Ауру тісті жалғаннан соң 3 – 4 күннен кейін басталады. Үнемі тоқатамай сыздап, науқас жатқан кезде, температура көтеріліп, механикалық тітіркендігіштерден үдейтін ауыр сезімі осы ауруға тән белгі. Ауыру сезімі анелгетиктирді ішіп, ыстық басқанға да тоқтамайды. Аздап дене қызуы көтеріліп (34-37,5), ұрт тіндерінің ісінгені байқалады. Тексеру барысында ұяшық бос немесе иісі нашар шіріген сұр түсті ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары анықталады. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген, басып тексергенде ауыр сезімі жоғары.

Емі: жергілікті жансыздандыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, ривенолдың (1:1000), фурацилиннің (1:5000), асқын сутегінің (2%), калий перманганатының (1:5000) жылы ерітінділерімен жуылады. содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі немесе антибиотиктер мен сульфаниламидтерден дайындалған пастамен толтырып, ½ сағатқа дәке тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі жоғары болса осы аталған пастаға анестезин қосуға болады. Ұяшыққа камфорфенолға малынған тампон қоюға болады және жергілікті жансыздандыру тәсілімен новакиан-пенициллин блокадасын жасауға болады.

Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұяшыққа йодоформға және протеолитикалық ферменттерге малынған тампондарды қоюға болады.

Үйде аналгетиктерді ішу мен ауыз қуысына жылы ас содасымен жасалған ванночкалар тағайындалады.

Физиоемдер: УЖЖ, Бернар тогы, соллюкс пайдаланылады. Ауыру сезімі 1 – 3 күннің аралығыда басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқас альвеолит кезінде 2 – 3 күнге еңбектен босатылады.

Ұяшық остеомиелиті. Альвеолитке қарағанда кешірек дамиды. Ағымы созаылмалы. Ұяшықтан ірің шығып, грануляциялының өсуімен ерекшеленеді.

Тексеру барысында ұяшық бос немесе онда аздаған грануляцияның, іріңнің барлығы анықталады. Жараның жазылу нышаны байқалмайды, 12-15 күннен кейінгі рентген суретінде ұяшықтың сүйек тіні бұзылғаны, кейінірек майда секвестрлердің барлығы анықталады.

Емі. Кешенді десенсибилизациялық қабынуға қарсы емдеу шаралары мен секвестр болса ұяшыққа кюретаж жасау. Ұяшықтың невриті тісті жұлғаннан соң шеттерінде өткір қырлардың қалуынан пайда болады. 3 – 4 күннен кейін ұяшықта невралигаиялық ауыру сезімі пайда болып, тамақ жегенде, ұяшықты механикалық тітіркендіру кезінде үдей түседі. Ауыру сезімі шырышты қабық сүйектің өткір қырын жауып тұрғандықтан пайда болады. Ұйыған қан сақталады. Ұяшық жазылғаннан кейін шетіндегі өткір қыр шырышты қабықты тесіп шығуы мұмкін, бірақ айналасындағы шырышты қабықта қабыну процесі байқалмайды. Кей кездері ұяшықтың өткір қыры 1 – 2 айдан соң сорылып кетеді.

Ұяшық невриті. Өте ұзақ әрі қиын емделетін, өзінен-өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұястамалы ауыру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған.

Аурудың себептері. Нерв талшықтарының тіс жұлу кезінде қысылып қалуы, езілуі, ұяшыққа түскен сүйек сынығының нервті тітіркендіруі және т.б. Науқастың ауруына бұдан басқа себептер де болуы мүмкін. Мысалы: ұяшықтың өткір қырларының және түбіраралық сүйек пердесінің қалып қояды. Бұл жағдайда ауыру сезімі осы өткір сүйек қырларының үстіндегі шырышты қабықтың тітіркенуінен пайда болады. Кейде жара толық жазылған олар сүйекті тесіп шығады.

Өткір қырды саусақпен сипап анықтау қиян емес. Шырышты қыбықтың сүйекке тиген жерінің ауыру сезімі жоғары, қабыну процесінің белгілері байқалмайды. Ауыру сезімі біртіндеп азайып, кейін 1-3 айдан соң ұяшық толық сүйекпен толғанда өткір қыр мұқалып кеткен соң мүлдем қойып кетеді.

Осыған байланысты науқасты ертерек қатарға қосу мақсатымен альвеолоэтомия операциясы жасалады. Трапеция тәрізді тіліктер жасап, шырышты қабықты жалаңаштайды. Сүйектің өткір қырларын түбірлік қысқыштармен алады немесе фрезбен, бұрғымен тегістейді. Тілікті қайта орнына тігеді.

Ұяшықтың өткір қырлары науқастың ауыз қуысына протез салу кезінде де тегістейді.

Егер өткір қырлар болмай, тіс түгел жұлынып, қабыну дерті болмаса да ауыру сезімі пайда болса физиоем мен ауыз ішіне жылы ванночкалар тағайындайды. Кейде ауыру сезімі көрші тістер әсерінен болатын есте сақтау керек.

^ Бет нервінің парезі. Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғаннан кейін нервтің операциялық жарақатқа рефлекаторлы тітіркеніп, жауап беруіне байланысты бірден немесе бірнеше апта аралығында із-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиоемдер (УЖЖ, соллюкс, ионогальванизация) тағайындалады.

Төменгі ерін мен иек аймағында парез төменгі тістерді жұлғаннан кейін пайда болады. Бұл асқыну төменгі альвеолды нервінің тіс жұлу, ұяшықты кюретаж жасау, жансыздандыру кезінде (немесе остеомилеттің дамуынан) жарақаттануынан пайда болады. Төменгі альвеолды нерві иннервациялайтын аймақтарда сезімталдықтан төмендеуі, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Ол 1-3 айдың көлемінде қалыпқа келеді.

Қабыну процестері – абсцесс, флегмона, остеомиелит түбір ұшы маңындағы созылмалы процестердің қабынуы салдарынан дамиды. Абсцесс пен флегмона тісті дөрекі жұлып, асептика және антисептика талаптарын дұрыс сақтамаған кезде де дамуы мүмкін. Емдеу жолдары оқулықтың арнайы тарауында айтылған. Көрші тістердің жарақатты периодонтиті, тісті элеватормен дөрекі жұлу себебінен болады.

Алдын алу. Элеватормен жұмыс істеу техникасын жетік меңгері.

Соңында айта кететін нәрсе, тіс жұлу операциясы жақсы жетілген операция. Бірақ, кей жағдайда оның орындау техникасы тәжірибелі хирургтің өзіне де қиынға соғады. Бұл жағдайлар анатомиялық ерекшеліктерге, қарысу мен қабыну процесінің болуымен түсіндіріледі. Тіс жұлу операциясы кезінде және одан кейін әртүрлі өмірге қауіпті асқынулар кездесуі мүмкін. Сондықтан амбулаторияда хирургиялық операциялар тәжірибелі хирургқа беріледі.

VI тарау

^ ЖАҚ БЕТ АЙМ АҒЫНЫҢ ҚАБЫНУ ДЕРТТЕРІ

Жақ-бет аймағының қабыну процестері хирургиялық емдеуді қажет етеін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілетін төмендетуге, науқасты ауруханаға жатқызуға себепкер болып, адам өміріне қауіп туғызады. Соңғы жылдары медициналық жетістіктеріне қарамастан бұл аурулардың ауыр түрлері жиі кездесіп жүр. Біздің клиникада осы аурулар 30-40% - ке, ММСИ клиникасында 6-8% - ке (Васильев В.А. Анастасов К, 1964), Киев клиникасында 15-25% (Бернедский Ю.И. 1970) т.б. кездеседі.

Көптеген авторлар мұның себебін жиі қолданып жүрген антибиотиктерге қабыну қоздырғыштары төзімділігінің жоғарылауымен түсіндіреді. Жиі қоздыратын ауыз қуысындағы микроорганизмдер ішінде іріңді кокктар, сирек – анаэробтар, саңырауқұлақтар, туберкулез микобактериясы, бозғылт трепонема т.б. болып табылады. Қоздырғыштар түріне қарай арнайы емес (іріңді) және арнайы (актинамикоз, туберкулез, сифилис, сібір жарасы) болып бөлінеді.

Инфекция көзі мен таралу жолына қарай одонтогенді, одонтогенді емес деп бөлінеді. Одонтогенді емес қабыну процестері тонзилогенді, риногенді, отогенді, травмалық (зақымдау), гематогенді, лимогенді, контактылы (жанама) болып бөлінеді.

Фурункул, карбункул, тілме бөлек бір топ құрайды.

Қабыну процестерінің этиологиялық факторы көп жағдайда (96-98%) одонтогенді инфекция, яғни микроб агенті инфекциялы тіс қуысынан алдымен түбір ұшы периодонтына, содан соң көптеген майда тесіктер арқылы тіс ұяшығы қабырғаларынан альволды өсінді мен жақ сүйегі кемігіне тарайды. Сонымен қатар сүйек тіндеріне инфекция түсу көзі болып тіс маңы іріңді кисталары, альвеолит, маргиналдық периодонтиттер т.б. табылады. Тек 2-4% жағдайда одонтогенді емес инфекция болады, яғни гематогенді, лимогенді, контактылы т.б. (М.А. Груздев, 1979).

Жедел ағымды одонтогенді инфекцияны жиі ақ не алтын стафилакокк өз бетімен немесе басқа кокктармен қосыла отырып қоздырады. Одонтогенді қабыну процесі көптеген факторларға тығыз байланысты, жекелеген түрде күрделі дамиды.

Соңғы кездегі зерттеулер бойынша остеомиелит дамуында нерв жүйесінің организм сенсибилизациясының, эндокринді жүйе мен циркуляторлық бұзылыстардың маңызы бар. Тағы да организмнің арнайы реактивтілік деңгейі маңызды факор болып табылады.

Одонтогенді остеомиелиттің патогенезі арнайы бөлімде талданған.

Одонтогенді қабыну процестерінің патогенезімен қоса жіктелуі туралы да қаралған. Жедел ағымды қабыну процестерін жіктеу жөнінде 3 негізгі көзқарас бар. Бірнеше зерттеушілер (С.Н.Вайсблат, А.Е. Верлоцкий, В.И. Лукьяненко, П.П. Львов, А.А. Лимберг, В.М. Уваров т.б.) периодонтит, периостит, остеомиелит, жұмсақ тіндер флегмонасы жақ сүйектері остеомиелитінің, яғни бір ғана аурудың кезеңі деп санайды. Бұл авторлар бойынша периодонтит, сүйек қабығы, сүйек кемігін қоршаған тіндер бір-бірімен физиологиялық және анатомиялық тығыз байланысты болғандықтан одонтогенді жедел ағымды периодонтит, периостит, флегмона деп бөлуге негіз жоқ. Олар жедел периодонтитті жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелитінің бастапқы сатысы деп қарайды.

Екінші бір топ авторлар (Б.Б. Брандебург, И.Г. Лукомский т.б.) периодонтит пен остеомиелитті жедел ағымды одонтогенді қабыну процесс қатарынан бөледі. Периостит пен қоршаған тіндер флегмонасын остеомиелиттік процестің құрама компоненті деп қарайды. И.Г. Лукомский периоститті төменгі ақыл тістердің қиналып шығуынан немесе периост травма алуынан дамиды деп анықтайды.

Үшінші авторлар тобы (В.Ф. Войно-Ясенский, А.В. Евдокимов, Г.А. Васильев, И.М. Старобинский т.б.) қазіргі клиинкалық, морфологиялық, анықтауларға орай және емдеу әдісін анықтау мақсатында нақты барлық жедел ағымды одонтогенді инфекциялардың дифференциялдық диагностикасын жүргізуді ұсынды. А.И. Евдокимов, Г.А. Васильев жеке жедел ағымды одонтогенді іріңді периодонтит, жедел ағымды іріңді периостит, жақ сүйектер остеомиелиті, остеофлегмона деген сияқты нозологиялық формаларды қарайды. Олар жедел ағымды іріңді қабыну процесінің пайда болуы инфекциялық локустың периодонттан басқа тінге көшуіне байланысты деп санайды, мысалы, сүйек қабығына, сүйекке, жақ сүйектері маңындағы басқа тіндерге ауысады. Сонда одонтогенді процестердің барлығы бір-бірімен тікелей байланысты, яғни сандық өзгерістермен қоса сапалық өзгерістер де туындайды. Осының бәрі ауру көрінісі мен табылған патологиялық өгерістерден өз бейнесін табады.

1990 жылы ресейдің белгілі профессорлары Бажанов Н.Н., Соловьев М.М., Рогинский В.В., Ипполитов В.Т. т.б, басқарған комиссия, жедел одонтогенді қабыну процессінің келесі жіктелу жүйесін ұсынды.

I Жақ сүйектерінің құрамының бұзылуының басымдылығы.

  1. Жедел, созылмалы пародонтиттің өршуі.

  2. Жедел одонтогенді остеомиелит.

II. Жақ сүйектері маңындағы жұмсақ тіндердің қабынуының басымдылығы (қабыну процесінің жайылу аймағы бір тістің пародонтымен жіктеледі.

  1. Жедел одоентогенді периостит

  2. Жедел перикоронорит

  3. Одонтогенді абсцесс.

  4. Одонтогенді флегмона.

  5. Одонтгенді қабыну инфильтраты.

III. Регионарлы лимфа түйіндерінің қабынуының басымдылығы (қабыну процессінің жайлау аймағы бір тістің пародонтымен шектеледі).

  1. Жедел одонтогенді лимфаденит (серозды, іріңді).

  2. Одонтогенді аденофлегмона.

IV – одонтогенді қабыну ауруларының алыс орналасқан ағзаларға тарауы (асқынуы) және инфекцияның жалпы денеге таралуы.

  1. Бет көк тамырларының және мидың қатты қабығының синдромының (қапшықтарының) қабынуы.

  2. Менингит, менингоэнцефалит, мидың абсцесі.

  3. Сепсис.

Біздің кафедра ұжымы осы жедел одонтогенді қабыну процесінің жіктелу жүйесін негізге ала отырып, оған өз көз қарасына сәйкес өзгерістер енгізіліп, осы оқулықта беріліп отыр.

Ал, одонтогенді қабыну инфильтраты деген түсінікті қабылдамауға келесі негіздер себеп болды: біріншіден бұндай ауру түрі халықаралық аурулар классификациясында жоқ; екіншіден – бұл процесс қабынудың бір кезеңі (Козлов В.А., Карапетян И.С., Б.Л. Павлов); үшіншіден – хирургиялық емді кеш қолдануға мәжбүр етіп, іріңді процестің асқынуына әкеліп соқтырады. (Уразалин Ж.Б., Төлеуов Қ.Т., Русанов В.П., Робустова Т.Г.)

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

плохо
  1
хорошо
  2
отлично
  6
Ваша оценка:

Похожие:

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Частная система здравоохранения Егорьевского района
Доврачебная помощь: сестринское дело, стоматология ортопедическая, амбулаторно-поликлиническая помощь...
Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Модуль 1 Основы стоматологии хирургическая стоматология, терапевтическая стоматология, детская стоматология,
Основы стоматологии хирургическая стоматология, терапевтическая стоматология, детская стоматология,...
Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму дипломнан кейінгі білім беру институтының Стоматология кафедрасы
Кафедра стоматологии Института последипломного образования Казнму им. С. Д. Асфендиярова и кафедра...
Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Рабочая программа курса «хирургическая стоматология детского возраста» по специальности 04. 04. 00

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Боровский Е. В. и др. Терапевтическая стоматология. М., 1982. Робустова Т. Г. Хирургическая стоматология:

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Примерная программа дисциплины стоматология модуль «профилактика и коммунальная стоматология»

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Рабочая программа по курсу: «Ортопедическая стоматология» Специальность: 040400 стоматология

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Типовые тестовые задания для итоговой государственной аттестации по специальности «стоматология»

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Типовые тестовые задания для итоговой государственной аттестации по специальности «стоматология»

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары хирургиялық стоматология жалпы стоматология салас icon Рабочая учебная программа по дисциплине профилактика и коммунальная стоматология по направлению подготовки

Разместите кнопку на своём сайте:
Медицина


База данных защищена авторским правом ©MedZnate 2000-2016
allo, dekanat, ansya, kenam
обратиться к администрации | правообладателям | пользователям
Документы