Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар





Скачать 0.88 Mb.
Название Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар
страница 4/4
Дата конвертации 24.03.2013
Размер 0.88 Mb.
Тип Документы
1   2   3   4

Аллергология


32 жасар әйел, түшкіруге, мұрын бітелуіне, мұрынынан су ағуына, маңдай бөлігінде бас ауруына шағымданады. 15 маусымнан бері ауырады. 4 жылдан бері жылдың осы мезгілінде ауыратынын байқаған. Р- түсірілімінде гаймор қуыстарында қараю байқалады. Осы науқаста қандай патология байқалуы мүмкін?

* Жедел іріңді гайморит

* Жедел риносинусит

* Созылмалы аллергиялық ринит

* Поллиноз, риносинусит

* Жедел серозды гайморит


25 жасар әйел, мұрын бітелуіне, түшкіру ұстамаларына, мұрыннан су ағуына және мұрын қанаттарында қышуға, көз қызаруына, көзден жас ағуына шағымданады. Бұл симптомдар шілде-тамыз айларында пайда болады. Бұрын емделмеген. Науқасқа қандай дәрілік зат тағайындаған дұрыс?

* Ксиметазолин

* Димедрол

* Беклометазон дипропионат

* Преднизолон

* Лоратадин


17 жасар науқас, стоматолог қабылдауына барғанда жергілікті анестезия жасаған. Науқаста 5 минут өткен соң айқын ентігу, ауыз қуысы кілегей қабаттарының және тілдің ісінуі, бозару, тершеңдік байқалған. Пульс әлсіз, жіптәрізді. Шұғыл жәрдем көрсетудің ең алғашқы сатысында қандай дәрілік затты беру тиімді?

* Супрастин

* Димедрол

* Триамциналон

* Адреналин

* Допамин


Пенициллинді топ дәрілеріне аллергиясы бар науқаста анафилактикалық шокты қайтарылған. Бұл науқасты әрі қарай алып жүру үшін қандай тактика дұрыс?

* Ешқандай дәрілік зат тағайындамай, 24 сағат бақылауда қалдыру

* Супрастин тағайындап, үйіне жіберу

* 5 мг преднизалон тағайындап, үйіне жіберу

* Тавегил б\е тағайындап, 48-72 сағат бақылауда қалдыру

* Адсорбикс тағайындау және 7 күннен кем емес бақылауда ұстау


Науқастың ішінде және аяғында, қолының жазылушы беткейінде қышитын күлдіреуік бөртпелер байқалады. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

* Атопиялық дерматит

* Аллергиялық дерматит

* Есекжем

* Полиморфты экссудативті эритема

* Жанаспалы дерматит


Бронх демікпесінің базисті терапиясының тиімділігін мына аталғандардың қайсысы көрсете алады?

* Бронхообструкциясы эпизодтары күндіз тәулігіне 1-2 реттен көп емес

* Бронхообструкциясы эпизодтары түнде 3 тәулікте 1 реттен көп емес

* Сальбутамолға тәуелділік 6 реттен көп емес тәулігіне

* Тыныс шығару жылдамдығының пикінің ортатәуліктік мәні – 80% төмен

* Бронхтың тәуліктік лабилділігі – 20% төмен


Антигистаминді дәрілік заттардың 2-шә туындыларына мына аталған дәрілік заттардың қайсысы жатады?

* Супрастин

* Димедрол

* Тавегил

* Эбастин

* Пипольфен


26 жастағы әйел, тұншығу ұстамаларына, тұмауға, мұрыннан су ағуына шағымданады. Мұндай жағдай көктем-жаз айларында қайталанып тұрады. Терілік сынамаларда қараагаш пен мятликке гиперсенсибилизация бар екені анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы сай келуі мүмкін?

* Бронх демікпесі, аралас түрі

* Бронх демікпесінің аспиринді түрі

* Бронх демікпесі, атопиялық түрі, ринит

* Бронх демікпесі, инфекционды-аллергиялық

* Поллиноз, бронх демікпесі, риноконьюнктивит


25 жасар науқас әйел, тұншығу ұстамаларына, қиын бөлінетін қою сары түсті қақырықпен жөтелге шағымданады. Анамнезінде: қызанаққа аллергиясы бар. Өкпесінде – қораптық дыбыс, тыныс алу бірден төмендеген, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар; ТАЖ 24 рет мин.; ОФВ1 – 53%; ОФВ1/ФЖЕЛ – 81%.

Терапияның алғашқы сатысында қай дәрілік затты тағайындаған тиімді?

* Эуфиллин көк тамыр ішіне

* Кетотифен per os

* Преднизолон per os

* Амброксол ингаляция түрінде

* Будесонид ингаляция түрінде


Бронх демікпесінің жеңіл ағымында науқасқа мына аталған дәрілік заттардың қайсысын тағайындау дұрыс?

* Эуфиллин таблетка түрінде

* Кетотифен per os

* Преднизолон per os

* Недокромил натрия ингаляция түрінде

* Будесонид ингаляция түрінде


Пероралды кортикостероидтармен ингаляциялық кортикостероидтарды салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?

* Мес клеткаларына қатынасы тиімді

* Гистамин синтезінің айқын төмендеуі

* Қабыну ошағында айқын лимфоциттер апоптозы

* Жүйелі жанама әсерлерінің болмауы

* Қолданудың жеңілдігі


Бронх демікпесімен сырқаттанатын науқастарда ұзақ уақыт кортикостероидтарды қолданғанда стероидты резистентілік дамиды. Бұл процесстің негізінде қандай механизм жатыр?

* Т-хелпер екінші типінің белсенділігінің төмендеуі

* Бронх кілегей қабаттарында атрофиялық процесстердің болуы

* Рецепторлардың кортикостероидтарға сезімталдыгының және санының төмендеуі

* Бүйрек үсті безі қыртысының екіншілік жетіспеушілігінің дамуы

* Бета- адренрецепторларға аутоантиденелердің пайда болуы


22 жасар науқас, бронх демікпесімен сырқаттанады, қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарағанда: қозулы, дене қызуы 36,7°С, ЖСЖ - 120 рет мин., ТАЖ - 24 рет мин. Аускультацияда: тыныс алуы бірден әлсіреген, аздаған құрғақ сырылдар. Анамнезінде: тәулік бойында беротектің 10 ингаляциясын қабылдаған, жақсару жоқ. Жедел жәрдем дәрігері 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамыр ішіне жіберген. Эуфиллинге қосымша қандай дәрі жіберілуі қажет?

* Сальбутамол

* Тиосульфат натрия

* Супрастин

* Метилпреднизолон

* Будесонид


Бронх демікпесімен сыркаттанатын науқас күнделікті тұншығу ұстамаларына, түнгі ұстамалар 2-3 рет аптасына болуына шағымданады. ПСВ - 64%, тәуліктік вариабельділік – 38%. Науқасты жүргізуге аталғангандардың қайсысы қолдануға тиімді болып есептеледі?

* Преднизолон

* Флутиказон

* Сальметерол

* Теофиллин

* Интал плюс


^ Шұғыл жәрдем

Клиникалық өлім жағдайында науқаста аталған терминалды ырғақ бұзылыстарының қайсысы байқалуы мүмкін?

* Жүрекше жыбыры (фибрилляция)

* Политоптықарыншалық экстрасистолалар

* Идиовентрикулярлыырғақ

* Пароксизмалды тахикардия

* Жиі және қосарланған қарыншалық экстрасистолалар


25 жастағы ер адам, салмағы 80-90 кг жуық, автокөлік апатына ұшыраған. Сан суйегінің ашық жарақаты, бас-ми жарақатына күдік байқалады. Есі жоқ, ұйқы артериясын пальпациялағанда пульсация байқалмайды, өкпесінде тыныс естілмейді.Дефибрилляция жүргізу үшін дефибрилляторда қандай бастапқы энергия дәрежесін беруге тапсырма беріледі?

*150 кДж

* 200 кДж

* 250 кДж

* 300 кДж

* 350 кДж


16 жастағы науқас, футбол ойыны кезінде кеудесіне доппен соққы алды және есін жоғалтып талып қалды. Пульсі және тынысы анықталмайды.Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жүргізді: 200 кДж дәрежесінде синусты ырғақ қайта қалпына келді.Стационардың қабылдау бөлімінде ЭКГ түсірілді. Аталған науқаста жүрегінің токтауының ең мүмкін себебі неде?

* Commotio cordis (жүрек соққысы) соққы нәтижесінде

* Вольф-Паркинсон-Уайттсиндромы

* Гиперкалиемия

* QT интервалының ұзару синдромы

* Гипертрофиялық кардиомиопатия


Диффузды токсикалық жемсаумен ауырған науқасқа Николаев бойынша субтоталды стурмэктомия жасағаннан соң 3-5 сағаттан кейін 40º С дейін гипертермия дамыды, АҚ 180/50 мм.с.б.б., тахикардия 120-140 рет минутына, психикалық қозу. Мына аталған сұйықтықтардың қайсысын енгізу ең тиімді тағайындау болып табылады?

* Рингер

* Люголь

* Метиленді көгілдір

* Сутегі асқын тотығы

* Кальция хлориды


65 жастағы науқаста физикалық жүктемеден соң бірден оң бүйірінде ауырсыну және ентігу пайда болды. Анамнезінде – өкпе туберкулезімен 20 жыл бұрын ауырған.

Карағанда:қалпы мәжбүрлі, тыныс алу актісіне қосалқы бұлшықеттері қатысады, тері жабындысы бозғылттау цианозды түспен. Кеуде қуысының оң жақ болігі тыныс алу актісінен қалып қояды, перкуссия кезінде – оң жағында тимпанит, аускультацияда – оң жақ бөлігінде тыныс шулары естілмейді, сол бөлігінде – қатқыл тыныс. АҚ – 165/95 мм.с.б.б. ЖСЖ – 140 ретминутына. Науқасқа қандай көмек шұғыл түрде көрсетілуі қажет?

* Артқы-қолтықасты сызығы бойынша оң жағынан 7-8 қабырғааралықтан плевра қуысына

пункция жасау

* Ортаңғы - бұғана сызығы бойынша оң жағынан 2 кабырғааралықтан плевра қуысына

пункция жасау

* Оттегі- ауа қоспасын беру

* 60 мг преднизалонды көктамыр ішіне енгізу

* 10 мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізу


75 жастағы науқас әйел, салмағы 100 кг жуық. Миокард инфарктісіне күдікпен жатқызылды.Қабылдау бөлімінде есін жоғалтты, ЭКГ-де мынадай қарыншалардың жыпылыктауы. Науқасқа ең алдымен қандай шара қолданылуы қажет?

* Адреналин 0,1% -1 мл ерітінді 1,0 мл физ. ерітіндімен бірге көк тамыр ішіне

* Адреналин 0,1% - 1 мл 1,0 мл физ. ерітіндімен бірге жүрек ішіне

* Атропин 0,1% - 1 мл 1,0 мл физ. ерітіндіде көк тамыр ішіне

* 200 кДж энергия дәрежесінде дефибрилляциялау

* 300 кДж энергия дәрежесінде дефибрилляциялау


16 жасар қыз,колледж студенті.Жиналыс кезінде қапырықты бөлмеде 1-1,5 минутқа есін жоғалтты. Талып қалудан кейін есінде адасу болған жоқ. Талып қалардың алдында жүрек айнуын байкаған. Жүрек ауруын, қандай-да бір дәрі қабылдауды, жүктілікті терістейді. ЖСЖ 86 рет минутына, АҚ 110/70 мм.с.б.б. Медпункт медбикесі оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Одан әрі қандай тактика қолданған дұрыс?

* Қыздың дені сау, үйіне жіберу

* 24 сағат бақылауда қалдыру

* Электрокардиограмма түсіру

* Неропатологтың кеңесі қажет

* Электроэнцефалограмма түсіру


35 жастағы наукас.Табиғи емес қалыпта ессіз күйінде оны күйеуі стол жанынан тауып алған (қолы «қайырылып қалған сияқты»). Өзіне келген соң – бірнеше минут дезориентирлі болды. Тілін тістеп алған екен. Жедел жәрдемді шақыртқан. Жүрек ауруын, оталарды, жарақаттарды терістейді. Талып калуға нендей себеп болғанын білмейді.Одан әрі қандай тактика қолданған дұрыс?

* Әйелдің дені сау, үйіне жіберу керек

* 24 сағат бақылауда қалдыру

* Электрокардиограмма түсіру

* Электроэнцефалограмма түсіру

* Эхокардиограмма жасау


39 жаста әйел. Шағымы: ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну, өршімелі.Ауырсыну таңертеңгісін пайда болған, төсектен тұруға әрекет жасағанда есінен танып калған.Пальпация кезінде оң төменгі кварантта ауырсыну. ЖСЖ 95 рет/мин, АҚ 90/60 мм с.б.б. Температура – 36,4°С. ЭКГ – патология жоқ. Гематокрит – 36%. Тұруға әрекет жасау кезинде - есінен танып қалды. Одан әрі қандай тактиканы қолданған тиімді?

* Іш қуысына КТ жасау

* 24 сағат бақылауда қалдыру

* Кіші жамбас мүшелеріне УДЗ жүргізу

* Электроэнцефалограмма жасау

* Эхокардиограмма түсіру


Пневмонияның ауыр сатысындағы науқаста ентігу және тахикардия күшейді, ал АҚ 80/40 мм.с.б.б. төмен түсті. Инфекциялық-токсикалық шок диагностикаланды.Инфузиялы терапия жасалды. Шоктың интенсивті терапиясында қай дәрілік затты қосу тиімді болып табылады?

* Атропин

* Адреналин

* Допамин

* Корглюкон

* Гепарин


52-жастағы науқас ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді. «Жедел жәрдем» машинасының ішінде науқаста қайталамалы құсу ұстамалары болған. Бұл науқасқа қандай қалып берілгені дұрыс?

* Арқасынан

* Бүйірінен

* Ішінен

* Басы көтерілген қалып

* Басы төмен түсірілген қалып


Страница из

1   2   3   4

отлично
  1
Ваша оценка:

Похожие:

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму дипломнан кейінгі білім беру институтының Стоматология кафедрасы
Кафедра стоматологии Института последипломного образования Казнму им. С. Д. Асфендиярова и кафедра...
Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon 6М1201- ветеринариялық медицина мамандығы бойынша магистранттарды қабылдаудың емтихан бағдарламасы

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon 1 ішкі аурулар кафедрасы Объективті құрылымды клиникалық емтихан

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Патофизиология кафедрасы патфиз. Стом. Контрольно-измерительные средства

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Қан түзілу жүйесінің аурулары
ДДҮ эксперттерінің (1970) ұсынысы бойынша бұл диагнозға негіз — Нв көрсеткішінің 110 г/л-ден төмендігі...
Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Бэт-терапия Биорегулируемая электроимпульсная трансэпителиальная терапия

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Лечение метастазов рака в головной мозг: лучевая терапия или химиолучевая терапия. Результаты 2 фазы

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Тематический план практических занятий по циклу внутренние болезни, военно-полевой терапия и поликлиническая

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Нейтронная и нейтронно-фотонная терапия злокачественных новообразований слюнных и щитовидной желез

Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы тестілік тапсырмалар icon Анемия собак и кошек, её дифференциальная диагностика и комплексная терапия 16. 00. 01 диагностика

Разместите кнопку на своём сайте:
Медицина


База данных защищена авторским правом ©MedZnate 2000-2016
allo, dekanat, ansya, kenam
обратиться к администрации | правообладателям | пользователям
Медицина