|
Скачать 0.49 Mb.
|
Зайтенова Гулбаран Байғазықызы SUMMARY Zaitenova Gulbaran Baigazinovna |
^ Ауыз қуысы шырышты қабығының және төменгі жақ ақауларының пластикасы әдістерін жетілдіру 14.00.21 –стоматология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефератына ТҰЖЫРЫМ Зерттеу мақсаты титандық пластиналарды биоматериалдармен үйлестіре қолдана ауыз қуысы шырышты қабығының және төменгі жақ ақауларының хирургиялық емін оңтайландыру. Төменгі жақ ақауларының пластикасы әртүрлі материалдардың көмегімен 16 жастан 60 жасқа дейінгі 30 науқаста 23 (76,7%) ерлерде, 7 (23,3%) әйелдер де жүзеге асырылды. Көптеген науқастарда ақаулар 13-де (4,3 %) оқтық ату зақымдарының нәтижесінде; 12-де (40 %) төменгі жақтың жаңа өсінділеріне байланысты операциялық араласулардан кейін; 4-де (13,3%) оқсыз емес жарақаттардан кейін; 1-де (3,3%) созылмалы остеомиелитіне байланысты секвестрэктомия жасағаннан кейін пайда болған. Таралуы бойынша төменгі жақ ақаулары 66,7% (20 адамда) жақ денесінде, сирек тармақтар аймағында 20 % (6 адамда), иек асты аймағында 10% (3 адамда) және өте сирек жағдайда иек асты мен тармақ ақаулары 3,3 (1 адамда) кездескен. Аса жиі 65,8% төменгі жақтың бір жақты ақаулары, сирек жаппай ақаулар 2,6% кездескен. Төменгі жақ ақауларының созылыңқылығы 3 (10%) науқаста 3 см-ден 5-ге дейін, 6 (20%) науқаста 5,1 ден 8 см., 20 (66,7) науқаста 8,1 ден 3,1см., 1 науқаста (3,3%) 13,5 см жоғары болған. Ауто-алло остеопластикалық операциялардың көпжылдық клиникалық зерттеулерінің талдауы көптеген жағдайларда қанағаттанарлықсыз емдермен аяқталғанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде төменгі жақ ақауларын болдырмауда жаңа емдеу әдістерін іздестіруді талап етті. Қазіргі таңда ең жетістікті қолданыстағы импланттанттар титаннан алынған биологиялық инертті құрылымдар болып отыр. Клиникалық бақылаулар, титандық пластинкалардың барлық артықшылығына қарамастан, 1,5 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімде оталаудан кейін жұмсақ тіндер арқылы пластиналардағы тілім түріндегі күрделі асқынулар кездесетіндігін көрсетеді. Операциялық араласулар түріне, ақау өлшеміне, қолданылған биологиялық материалдарға қарай, науқастар 4 топқа бөлінді: 1 топ (негізгі топ) титандық пластиналарды аутоматериалдармен үйлестіре қолдана оталанған 9 науқас; 2-топ (салыстыру тобы) төменгі жақ ақаулары бар титандық пластиналарды ғана қолдана оталанған 7 науқас; 3-топты төменгі жақ ақаулары бар аутопластика жасалынған (мықын сүйегі айдаршығынан) 7 науқас; 4-топты аллопластика жүргізілген төменгі жақ ақаулары бар 7 науқас құрады. Титандық пластиналарды қолдану кезінде олардың жиектерінің өткірлігінен жұмсақ тіндер арқылы трансплантаттар тілініп кетеді. Осыларды болдыртпау үшін біздің әдіс бойынша науқастың өзінен алынған сан фасциясы трансплантат айналасында бірнеше айналыммен шырматылады және кетгутпен бекітіледі. Құрастырылған фасциалдық-трансплантациялық кешен жақсы оқшаулауыш материал және де бұлшықеттердің фиксациясы үшін тіреуіш трансплантант ретінде қажет. Сүйек тінінің репаративтік қайта түзілуінің арандатушы факторларының бірі өсімнің аутогенді факторлары болып табылады. Олар қан плазмасында және заманауи хирургияда қолданылатын ТахоКомб биологиялық материалдары. Тромбоциттерге бай плазма күшті адгезивтілікке ие болғандықтан, жабыстырылған бұлшықеттердің бекуін жақсартады. Клиникалық нәтижелер, келесі көрсеткіштер бойынша яғни, жақсы функционалдық және эстетикалық нәтижелерімен, төменгі жақтың үздіксіздігінің қайта қалпына келуімен бағаланады. Рентгенологиялық, антропометриялық зерттеулер (бұл өлшемдер анатомиялық пішіні мен төменгі жақтың сау бөлігінің өлшеміне сәйкес имплантант таңдауға және үлгілеуге қажет) көрсеткіштерімен емдеу әдістерінің тиімділігі анықталды. Реографиялық зерттеулер (операциядан кейін және 44 аптадан соң реограмма көрсеткіштері бақылау мәніндегі РЗ-0,07 көрсеткіштерімен теңестірілді). Операция жасалынған жақтағы шайнау бұлшықеттерінің электромиограммасының қалыптануы үшінші айда қалыптанды демек, сау жақтағы қалпына келу мерзімімен бірдей -50±2,0, асимметрия деңгейі 2,2% құраған. ТахоКомб биологиялық және желімдеуіш материал ретінде, жұмсақ тіндердің жарақаттары мен ақаулары кезінде, ауыз қуысының операциялық араласуларында, яғни жарақаттарды тігуге келмегенде немесе жарақаттық беткейлерді тіндік қиындымен жабу қажеттілігі туындағанда қолданылды. Бірінші топта төменгі жақтың қызметі 6-8 айдан кейін қайта қалпына келтірілді. Ұсынылған пластикалау әдісі бойынша 7 науқаста (93,4%) үздіксіз қолайлы нәтиже анықталды. Гематомалардың пайда болуы және операциядан кейінгі жарақаттардың іріңдеуі, жалпы асқынулар пайызы 6,6% (2 адамда) құрады. Аурухана жағдайында науқастарды емдеу мерзімі орташа есеппен 10-12 күндей. 2-топта 2-2,5 жылдан кейін жұмсақ тіндер металлмен тілінген. 3- топтағы 9 (69,2%) науқаста асқынулар айқындалып, транспланттантар алынып тасталынды. 4-топта трансплантанттарды сорып алғаннан кейін алынып тасталынды. 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде барлық 30 науқастағы басқада емдеу нәтижелері қарастырылып отырды. 30 науқастың 17-сі (56,6%) протезделінді. Ұсынылып отырған ауыз қуысының және төменгі жақтың пластикасының модификациясы, ертеде қолданған әдістерге қарағанда тиімді әрі, ерте тіс-жақтық протездеуге және барлық әлеуметтік және косметикалық сұрақтардың шешілуіне мүмкіндік береді. ^ Improvement of plastic reconstruction methods of mandible and oral mucosa deformities Dissertation on competition of a scientific degree of the doctor of medical sciences on a specialty 14.00.21 – oral medicine The aim of our research is the optimization of the surgical treatment of mandible and oral mucosa deformities with application of titanium sheet in combination with biomaterials. Plastic reconstruction of the deficiencies of mandibula bone and oral mucosa have been done to 30 patients with the aid of various materials at the age of 16 to 60 years old (there were 23 men (76,7%), and 7 women (23,3%). The majority of patients has acquired these deformities as a result of gunshot traumas in 13 patients (43,4%); and in 12 (40%) after operative interventions due to neoplasm of mandibulum; in 4 (13,3%) due to not gunshot traumas; in 1 (3,3%) as a result of sequestrectomy because of the chronic osteomyelitis. Deformities of mandible by localization: corpus mandibulae - 66,7% (20 people), les frequently in the area of ramus of mandible 20% (6 people), the least number in the area of submental part of mandible 10% (3 people), and very rare 3,3% (1 people) mental and ramus deformity. Most frequently, in 65,8% of cases, there were unilateral deficiencies of mandibulum, less frequently – total deformity (2,6%). The length of deformities of mandible was from 3 to 5 sm. in 3 (10%) patients, from 5,1 to 8 sm. in 6 (20%), from 8,1 to 13,5 sm. in 20 (66,7%), more than 13,5 sm. in 1 patient (3,3%). The analysis of long-term clinical results of auto-allo osteoplastic surgeries showed that in the majority of cases there were unsatisfactory treatment outcomes that made us to become engaged in search for new treatment methods for reversal of mandible deficiency. The most promising ones among the existing implants for today are biologically inertial constructions from titanium. Clinical observations have shown that despite the all advantages of titanium sheets, in 1,5-3 years after surgery there could be serious complication such as dentition of the sheet through soft tissues. Depending on the type of operative intervention, size of the deformity, biological materials have been used, the patients were divided into 4 groups: the 1st group (main) – 9 patients which underwent surgery, with proposed by us modification with application of titanium sheet in combination with auto materials; the 2nd group (control) – 7 patients with mandible deformities, which underwent surgery with application of titanium sheet only; the 3rd group - 7 patients with mandible deformities, who were given autoplastic reconstruction (out of the iliac bone pecten); the 4th group – 7 patients with mandible deformities, which underwent autoplastic reconstruction. Under the use of titanium sheet because of its keen edges there occurs dentition of transplant through soft tissues. In order to avoid this, according to our methodic taken from the patient the own fascia femora is being wrapped for several times around the transplant and is fixed on it by catgut. The created fascia-transplant complex is necessary serving as a supporting transplant for wiring the muscles and as a good insulant. One of the factors, inducing reparative regeneration of osseous tissue, is the autogenous growth factors. They are contained in the blood plasma and biological material of TahoKomb, which are used currently in surgery. Blood plasma, which is rich for thrombocytes, possesses strong adhesiveness, additionally improving fixing of fastened muscles. Clinical results were assessed by the following indicators: when there was full recovery of the continuity of mandible, and by good functional and esthetical results. The effectiveness of treatment methods was proved by the indicators in dynamics of the roentgenologic, anthropomorphic studies (these measurements allow to model and select an implant, which is corresponding to the anatomical form and size of the healthy half of mandible). Rheological examinations (in 44 weeks after the surgery rheological indicators became equal to those of the control value: RI-0,07). Normalization of the electromyogram of masseters on the side which underwent surgery was achieved in three months, meaning the same time period as on the healthy side – 50+2,0, the degree of skewness was 2,2%. In deformities and traumas of soft tissues TahoKomb as a biological and adhesive material was applied in operative interventions of oral cavity, when there was no possibility to suture brine or there was a need to close the wound surface with tissue graft. In the 1st group in 6-8 months the functions of the mandible was renewed. Out of these patients direct positive result due to the suggested plastic reconstruction methodic has been noted in 7 people (93,4 %). Percentage of complications made up 6,6% (2 people), formation of hematoma and postoperative wound infection. The duration of patient’s treatment in the hospital was 10-12 days in average. 2 - in 2-2,5 years soft tissues were cut by metal. 3 – in 9(69,2%) patients there were complications, transplants were removed. 4 – in henceforth transplant resorption, they have been removed. Late results of treatment were followed in the all 30 patients in time period of from 1 to 5 years. 17 (56,6%) out of 30 patients have been done prosthetic appliance. The suggested modification of plastic reconstruction of mandible and oral mucosa is more effective, than methods have been applied earlier, thus allowing early dentoalveolar prosthetics and decision of all social and cosmetic issues. |